«Майқайыңалтын» кенішіне ауыр техника түсіріледі

«Майқайыңалтын» кен байыту фабрикасында құтқару жұмыстарын жеделдету мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілді.

Дүмпу басқа аймақтарға таралмауы үшін 3 жерден қуаттылығы төмен динамит қолданылды. Өйткені альпинистік іздестіру әдісі нәтиже бермеген. Жарылыстан кейін жол ашылып, кенішке ауыр техника түсіруге мүмкіндік туады. Бұл сондай-ақ құтқарушылардың өміріне төнген қауіпті сейілтеді.