Шығыстағы тау шыңдарынан қар көшкіні жүрді
Өскемен - Үлбі - Северное тас жолының бойында тау шыңдарынан екі рет қар көшкіні жүрді.
Құтқарушылар автожол бойында көлік қозғалысын қайта жандандырды. Таулы Үлбіде көшкін қаупі сейілді. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері мен «Қазселденқорғау» мамандары қауіп бар таулы жерлерге мониторинг жүргізуде. Құтқарушылар тұрғындарға таулы жерлерге сапарламас бұрын ауа райы болжамын ескеру, төтенше жағдай кезінде 112 номеріне хабарласу қажеттігін еске салды.
Советбек Станбеков, Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы