Ақмола облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды
Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды.
Олар жақын маңдағы жылыту бекеттеріне жеткізілді. Жалпы қыс басталғалы ақ түтек боран салдарынан 300-ге жуық жолаушы мен 20-дан астам көлік қар құрсауынан шығарылған. Қазір өңірде 700-ден астам арнайы техника мен екі жарым мың құтқарушы жасақталған. Тәртіп сақшылары да тәулік бойы жолдарда кезекшілік атқарады.
Олег Малюк, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- Қазір аймақта 268 жылыту бекеті мен 3 медициналық-құтқару пункті әзірленді. Осы уақытқа дейін жылыту орындарына 277 адам жеткізілді. Оның 29-ы бала.