Ресейден әкелінген 35 млн теңгелік вейп-темекі тәркіленді
Қостанай облысында Ресейден заңсыз әкелінген, құны 35 млн теңгеден асатын электронды темекі өнімдері тәркіленді.
Акциздік және қосылған құн салығы төленбеген вейптер көршілес облыстарда да саудаланған. Шетел азаматтары кезекті ірі көлемдегі партияны өткізу кезінде қолға түсті. Күдіктілер темекі құрылғыларын халық тұтынатын тауар түрінде жасырын жолмен елге кіргізген.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Сот үкімімен А. Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді. ҚМА ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.