Абай облысында автобус жолдан шығып кетті

Абай облысында 17 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетті.

Полиция департаментінің хабарлауынша, көлік жүргізушісі қатты желдің салдарынан рөлге ие бола алмай қалған. 2 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде болды. Автобус Қабанбай батыр ауылынан шығып, Алматыны бетке алған.