Жетісуда 39 адам қар құрсауынан құтқарылды
Екі тәулікте Жетісу облысында қар құрсауынан 39 адам құтқарылды.
Оның ішінде Беларус Республикасының 15 азаматы бар. Қарлы боран салдарынан олар Үшарал-Достық тас жолында қалып қойған. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде көмекке келді. Жолаушыларды қар құрсауынан шығарып, жылыту пунктіне жеткізді. Ал 15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып, көліктерінде қалды. Айтуларынша, оларда бір аптаға жетер жанар-жағармай мен азық-түлік қоры бар.
Ауа райының бұзылуына байланысты ҚазАвтоЖол жеті облыста жол қозғалысын шектеді. Қазір Астана-Щучинск, Қызылорда-Павлодар, Екатеринбург-Алматы, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау бағыттарындағы жолдар жабық. Полиция тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады.