Ақмола облысында 11 көлік соқтығысты

Ақмола облысында көктайғақ салдарынан 11 көлік соқтығысты.

Оқиға Бірсуат ауылы тұсында болған. Салдарынан 5 адам жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ақтүтек боран ұйытқып тұр. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Атап айтсақ, Қызылорда - Павлодар, Қарағанды - Павлодар және Қарағанды - Шідерті бағытында көлік қозғалысы шектелді.