Шымкентте тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталды
Шымкентте әкімнің төрағалығымен өтіп жатқан жиналыс кезінде тұрғын үй басқармасының басшысы ұсталды.
Оқиға орнынан түсірілген видеоны қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Жиналыс кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері келіп, Азат Момыновты тергеу шараларын жүргізу үшін алып кеткен.