Алматыда лай көшкіні жүрді
Алматыда суық су құбырының жарылуы салдарынан, топырақ лайланып, су жүріп, 2 үйге зақым келген, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл үйлерде 4 адам, оның ішінде 2 бала қалды деген қауіп бар. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Олар түнде № 47 мектепке орналастырылған еді. Кейін туыстарына кеткен.