Алматыдағы лай көшкінінен 2 үйге зақым келді. LIVE
Алматыда лай көшіп, екі үйге зақым келген.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
- Қазір осы көшкін астында қалған 3200-дей куб метр жер түскен. Қазір осы көшкін астында қалған бір жекеменшік үй. Оның ішінде енді 4 адам. Екі әке-шешесімен, 2 бала деп отыр. Бірақ енді қасындағы екінші үйді жартылай бұзған. Үштен бастап бүгінгі төтенше жағдай департаменті, аудан әкімшілігі, қалалық служба бәрі осы жерге жиналып жұмыстарымызды істеп жатырмыз.
-Жаңағы 4 адам құтқарылды ма?
- Жоқ үйдің ішінде қалып қойды. Қазір істеп жатқан жұмыстарымыз соларға қарай жету ғой енді. Басқа көршілерді түнде осы 47-мектепке көшірдік. Сосын барлығы туысқан, ағайындарына, қонақ үйлеріне кетіп қалды .