Түркістанда 2 баланың мүрдесі табылды
Кеше кешкісін Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен 2 баланың жансыз денесі табылды.
Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов хабарлады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың мәйіті сараптамаға жіберілген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекенжайы туралы ақпаратты анасына құрбысы хабарлаған. Қазір Қызылорда облысының тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Мұрат Қабденов, облыстық Полиция департаментінің басшысы:
- Бұл іс менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын. Жалған ақпарат таратқанға жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін және азаматтарды тек ресми дерек көздерден алынған мәліметтерге сенуге шақырамын.