Түркістан облысының Леңгір қаласында газ құбыры жарылды

Түркістан облысының Леңгір қаласында газ құбыры жарылып, 2 адам зардап шекті.

Оқыс оқиға Күмістөбе көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінде болған. Табиғи газ тасымалдайтын құбырдың жарылуы салдарынан аумағы 60 шарты метр болатын дүкеннің қабырғалары құлап, төбесі опырылып түскен. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, диаметрі 108 мм болатын газ құбыры жерасты магистралы арқылы жүргізілген. Қатты жарылыстан дүкендегі екі азаматтың бетін күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдай болған тұсқа отызға жуық құтқарушы мен 7 техника жұмылдырылған.

Олжас Арапбаев, Леңгір қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Қазіргі таңда немересі амбулаториялық ем қабыладап, үйіне қайтарылған. Аапсы ранимацияда ем қабылдап, ем жүргізіліп жатыр. Жағдайлары бірқалыпты, болған жағдайлардың бәрін айтып келді. Жағдайлары тұрақты.