Алматыда үйіндіні аршу жұмыстары жалғасып жатыр
Алматының Таусамалы ықшамауданында болған лай көшкінінен тағы 3 адамның денесі табылды.
Олар: 1984 жылғы туған ер адам, 1980 жылғы әйел және 2007 жылғы жасөспірім. Сонымен қаза тапқандардың саны 4 адамға жетті. Қазір үйіндіні аршу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық құтқару жасағының бас құтқарушысы Біржан Байқұлов тікелей эфирде сұрақтарымызға жауап бермекші.