Талғар ауданында мектеп есепшісі 90 млн теңге жымқырған

Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, Талғар ауданындағы білім ұяларының бірінің есепшісі үлкен көлемде қаржы жымқырған.

Бақандай 90 млн теңгені қалтасына басқаны белгілі болды. Ал осынша көп ақшаны әріптестері мен туыстарына аударып алып отырған. Қазір аталған дерек бойынша тергеу басталды. Еңбекшіқазақ ауданында да осындай жағдай. Тергеу барысында мектеп есепшісі ұрлаған 10 млн теңгеден астам қаржыны мемлекетке қайтарып берді.