Қарағанды облысында жылқыдан індет тарады

Қарағанды облысының Төрткөл ауылында жылқы малы арасында эпизоотиялық лимфангитке ұқсас індет тарай бастады.

Қазір ауыл тұрғындары ауырған малды суретке түсіріп, жан-жаққа таратып, жәрдем сұрап отыр. Еске салсақ, Төрткөлге көршілес Үміткер ауылында осы індет салдарынан өткен жылдың мамыр айында енгізілген шектеу әлі алынбаған. Басқаша «африкалық сап» деп аталатын кесел тек жұмыр тұяқты жануарларға жұғады. Індетке шалдыққан жылқы денесін ірің жайлап, жүріп тұрудан қалады. Мамандар инфекциялық індеттің дәрісі әлі табылмаған деп отыр.

Қайырбек Тұрсынбеков, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Ауырып тұрған 3 бас жылқыдан эпизоотиялық лимфангит белгілері анықталды. Сынамалар алынып, зертханаға жеткізілді. Зерттелу жұмыстары жүргізілуде. Егер зертхана лимфангит анықтаған жағдайда елді мекенде карантин белгіленіп, карантин аяасында ауырған, өлген жылқылар жойылып, мал иесіне заңнамаға сай нарықтық бағамен өтемақы төленетін болады.