ШҚО-да жер сілкінді
Еліміздің шығысында екі балдық жер сілкінісі тіркелді.
Бірақ Өскемен тұрғындары оны айтарлықтай сезіне қоймады дейді мамандар. Эвакуациялық шаралар болған жоқ. Зілзала ошағы Риддерден 83 шақырым жерде, Ресей Федерациясының аумағы. Айта кетелік, аймақта 127 сейсмоқауіпті елді мекен бар. Кейінгі 10 жылда Шығыс Қазақстан облысында 2-ден 6 балға дейінгі аралықта 22 жер сілкінісі болған.