Ұлытау облысында ірі қарадан жұқпалы ауру анықталды
Ұлытау облысының Жыланды ауылында ірі қарадан құтырма ауруы анықталды, деп хабарлайды 24KZ.
Осыған орай 2 мыңнан астам малы бар ауылға 60 күндік шектеу қойылды. Елді мекеннен ет-сүт өнімдерін шығаруға толықтай тыйым салынды. Мамандар аурудың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қора-жайларды дезинфекциялау мен егу жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Әзірге өлген малдың саны – 8. Сондай-ақ ауырған малды сойған адамдарды да дәрігерлер бақылауға алды. Алдын-ала болжам бойынша қауіпті кесел үй жануарларына жабайы аңдардан жұғуы мүмкін.
Төлеген Рыспеков, аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы:
- Ауылдағы 2180 бас ірі қара малды ұлттық республикалық жасақтың көмегімен егу шараларын мемлекет есебінен жүргіземіз. Ет өнімдерін ішкі өздерінде арнайы орындарда сойып, пайдалануға болады. Ал сүт өнімдерін қайнатылғаннан кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Ал сыртқа шығаруға тыйым салынады. Өлген малдарға мемлекет есебінен компенсация беріледі.