Қарағанды облысында газ жарылысынан жараланған тағы бір адам көз жұмды
30 қаңтар күні Қарағанды облысының Ботақара кентінде газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды.
Өзбекстан азаматының денесінің 87 пайызын күйік шалған. Алдын ала болжам бойынша 27 литрлік сығылған газ баллоны сырттан үйге кіргізілгенде жарылған. Салдарынан екі қабатты үй ортасынан опырылып түсті. Төменгі қабатта тұратын ерлі-зайыптылар қаза тапқан болатын. Дәрігерлер қарауында болған тағы екі адам емделіп үйлеріне жіберілді. Жарылыс болған үйді зерттеген комиссия оны сүріп тастау туралы шешім шығарды.