Алматыда үш автобус соқтығысты

Алматыда үш автобус соқтығысып бірнеше адам жарақат алды.

Жол апаты бүгін таңертеңмен Райымбек атындағы даңғыл бойында болған. Полицияның хабарлауынша, 54-ші бағыттағы автобус жүргізушісі алдында кетіп бара жатқан 133-ші бағыттағы автобуспен және жеңіл көлікпен соқтығысқан. Осы кезде 133-ші автобус инерциямен үшінші қоғамдық көлікті соққан. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Үш автобус та жеке тасымалдаушыларға тиесілі. Қазір Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.