ШҚО-да жолда қалғандар құтқарылды
Шығыс Қазақстанда түнімен ақ түтек боран болып, көлік қатынасы қиындады.
Барлық бағыттағы жол жабылып, тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялап, жедел желі қызметін іске қосты. Алайда ескертуді елемей жолға шыққандар бар. Көбі тасжолда тұрып қалған. Боранның басылатын түрі бар ма, мамандар не дейді? Құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр?
- Қаладағы ахуал қалай ?
Эльмира Ахметова, тілші:
- Күн райы кешегіден қарағанда жақсы, бірақ қар әлі жауып тұр. Біз қазір Өскемен-Алтай ауданы бағытындағы трассадамыз. Ең күрделі аймақтардың бірі. Жол тау жотаның серпантиннің арасымен өтеді. Қатон-Қарағай, Рахман бұлақтарына апаратын күре жолдағы бірнеше участок жабылды. Мұнымен қатар түнде барлық дерлік бағыт жабылған еді.
Бірақ соған қарамастан сапарға шығып кеткендер көп. Мәселен, Өскемен-Самар-Тарғын бағытында 15 жеңіл көлік түк көрінбейтін трассада тұрып қалған. Онда жалпы 30 жолаушы болған,арасында 5 бала бар. Ақыры полиция қызметкерлері мен құтқарушылар келіп осы колоннаны Тарғын ауылына дейін қауіпсіз аймаққа шығарып салды. Алматы-Өскемен бағытында да жолда қалғандар табылды. Ол жақта үш көлік жүре алмай тұрып қалған. Әйтеуір төтенше жағдайлар қызметіінң шұғыл құтқару жасағы мен Камаз-Вахта көлігі жедел жетіп, оларды Өскемен қаласына дейін әкеп тастады. 13 жолаушының ішінде бала да, қарт та, жүкті әйел де бәрі аман. Қазір менің қасымда ТЖД Бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы тұр.
Қуатбек Кенжебекұлы, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Қанша қызметкер түнде жұмыс істеді, қаншалықты күрделі болды. Жедел желі неге іске қосылды? Қанша қоңырау түсті?
Сонымен қатар жол тазалау қызметінің басшыларын да сөзге тартсақ.
Еркін Даумов, жол тазалау компаниясының директоры:
- Республикалық жолдардың бірталайы жабық болды.Күн түн қар жауып тұр.Техника жетпей,жатқан жоқ па.Қай бағытта жол тазалау жүріп жатыр?
Қалада жағдай мәз емес. 25 см қар жауып тастады. Айлық норманың 40 проценті деген сөз. Автоубустар әупірімдеп жүріп жатыр. Бірақ трамвай рельісін қар басып, сол көліктер тоқтап қалды. Шаһарда 100 техника қар тазадауға жұмылдырылыпты. Біз жағдайды назарда ұстайтын боламыз.