Үлбі өзеніне мырыш төгілді
Шығыс Қазақстан облысында Үлбі өзеніне мырыш төгілді.
Бұл туралы экология департаменті хабарлады. Мамандардың айтуынша, химиялық зат Риддердегі тау - кен байыту комбинатынан шыққан. Қоршаған ортаны ластау дерегін сарапшылар анықтап, кәсіпорын жұмысы тексеріліп жатыр. Комбинат иесіне 50 млн теңге айыппұл салынды. Өңірде мұндай дерек былтыр да тіркелді. Қыркүйек айында Үлбі, Тихая және Филлиповка өзендерін ластағаны үшін «Казцинк» компаниясына 49 млн теңге айыппұл салынған еді.
Мамай Бұтабаев, экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:
- Департаменттің мамандары барып, жаңағы жерден сынама алып, тексеріс жасап жаңағы мырыштың 4,5 есеге көп екені анықталды. Сол бойынша жаңағы Риддер кен байыту комбинатына 4 жаңағы штраф, айыппұл салынды.