Түркістан облысында баланы аяусыз тепкілеген адам қамауға алынды
Түркістан облысында баласын аяусыз соққыға жыққан әке қамауға алынды.
Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған арнайы брифингте айтылды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның жерде жылап жатқан баласын бірнеше мәрте аяусыз тепкенін көруге болады. Тәртіп сақшылары ұлын сабаған әкені дереу тапты. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жандос Батырхан, балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:
- Түркістан облысында осындай өгей әкенің адамның ақыл ойына сыймайтын әрекеті туралы ақпарат келіп жетті. Оны көрдік. Бір мәселені ескеру керек деп ойлаймын. Өгей ана, өгей әке деген кезде белгілі бір адамдардың да құқықтарын бұзып алмауымыз керек секілді.