Қостанай облысында Тәжікстанның 55 азаматы құтқарылды
Қостанай облысында жолаушылар автобусы республикалық маңыздағы тас жол бойында қозғалтқышы өшіп, тұрып қалды.
Күннің суықтығынан көліктің жанармайы қатып қалған. Автобус ішінде болған 55 адамның барлығы Тәжікстан азаматы. Оның алтауы бала. Құтқарушылар жолаушыларды жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізді. Үскірік аяздың беті қайтқаннан кейін, олар сапарын жалғастырады.
- Бізді құтқарып, қонақ үйге әкеліп орналастырды. Ыстық шәй беріп, тамақтандырды. Жолда қалған көлігімізді жеткізіп берді. Кішкентай балалар бар. Әбден тонған, шаршаған. Барлығыңызға рақмет, алғысымыз шексіз.