Қарағанды облысында өрттен бір үйдің төрт баласы қаза тапты

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Талды ауылында бір қабатты тұрғын үй өртеніп, 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды.

Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған. Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Қайғылы жағдай дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары басталды. Екі пәтерлі баспанада үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенген.