Алматыда үш балдық жерасты дүмпуі сезілді
Алматыда таңғы 4 сағат 58 минутта жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы Төтенше Жағдайлар Министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Эпи-центрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде орналасқан. Қытай аумағында, афтершок. Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат болған жоқ делінген хабарламада. Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, 3 балдық жерасты дүмпуі сезілді.