Алматы тұрғындары жерасты дүмпуін сезінді

Алматыда тағы жер сілкінді.

«Сейсмологиялык зерттеу институты» бүгін сағат 10-нан 14 минут кеткенде жер дүмпуі тіркелгенін хабарлады. Эпицентрі Қытай аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде орналасқан. Шаһарда сезілуі 3 балды көрсеткен. Сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығында эпицентр туралы ақпарат, балдық көрсеткіш өңделіп жатыр. Бұл ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарына мониторинг жүргізіледі, делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.