Жер сілкінісінің ошағы Қытайда тіркелді

Алматыда екінші рет болған жер сілкінісінің дүмпуі сағат 11:45-те болды.

Сала мамандарының ресми мәліметінше, зілзала ошағы қаладан 263 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелген. Энергетикалық класы 10.7, магнитудасы 5.2, ал тереңдігі 5 шақырым болды.