ТЖД эвакуациялық пункттер тізімін жариялады
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі 9 аудан бойынша эвакуациялық пункттердің тізімін жариялады.
Халықты уақытша қауіпсіз жерге көшіруге арналған нысандардың көбі – білім беру мекемелері мен мәдениет үйлері және мешіттер. Атап айтсақ, Талғар, Іле, Кеген, Жамбыл, Қарасай, Райымбек, Ұйғыр, Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандары қамтылған. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданының әкімшілігі баспанасыз қалғандарды қабылдайтын 80-ге жуық нысанды бекітті.