Таразда автобус 3 көлікпен соқтығысты

Таразда жолаушылар мінген автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, 2 көлікті жаншып өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Артынша мектептің автотұрағында тұрған темір тұлпарға соқтығысты. Салдарынан 4 адам жарақат алды. Арасында автобус жолаушылары мен тұрақта тұрған көліктің жүргізушісі де бар. Жол апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.