Жетісудың Бескөл станциясында он ауланы су басты
Жетісу облысының Бескөл станциясындағы 10 ауланы су басты.
Алакөл ауданына қарасты елді мекенге түнделетіп Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жетті. Олар арнайы техникамен қар суының арнасын бұру, каналды кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сала мамандарының мәліметінше оқиға орнына бірнеше қызметкер мен қосымша техника жіберілген.