Қарағанды облысындағы шахтада кенші мерт болды
Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында арнайы құрылғыны құрастыру кезінде кенші мерт болды.
Бұл туралы «ҚАРМЕТ» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту бұрандасы үзіліп кеткен. Салдарынан 1980 жылы туған жұмысшы көз жұмды. Жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.