Су тасқыны. Абай облысында жоғалған үш адам әлі табылған жоқ

Абай облысының Аягөз ауданында 3 бірдей ер азамат жоғалып кеткен.

Қарағаш ауылының 2 тұрғыны МТЗ 82 маркалы трактормен «Шалқар» шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған. Олар жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған, алайда су деңгейі көтеріліп кетіп, өзеннің ортасында қалып қойған.

Аталған азаматтардан хабар жоқ. Нақты қайда екені белгісіз. Сондай-ақ, 23 наурызда Аягөз өзенінен атпен кесіп өтпек болып, аттан құлап кеткен 46 жастағы ер адам да іздестіріліп жатыр.