Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды
Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды 24KZ.
Ойыл өзені арнасынан асып, ауылға жақындаған. Қазір аудан орталығы Миялы ауылының тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Алдымен әйелдер мен балалар, мүгедектігі бар жандар көшіріледі. Тұрғындар Ығылман Шөреков атындағы орта мектеп гимназиясы мен Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепке, сондай-ақ «Нұр-Шуақ» балабақшасына орналастырылып жатыр.