Ағадырда атысқандар қолға түсті
Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде болған атысқа қатысты 28 бен 47 жас аралығындағы 4 күдікті қолға түсті.
Екі тарап сөзге келіспей қалып, соңы атысқа ұласқан. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салсақ, 31 наурыз күні Ағадыр ауруханасына аяғында оқ жарақаты бар кент тұрғыны жүгінген. Полиция бұл дерек бойынша адам өлтіруге оқталу бабымен қылмыстық іс қозғады.
Кінәлілер 10-нан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.