БҚО-да жол жабылды
Батыс Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар «Подстепное- Федоровка-Ресей шекарасы» тас жолында жол жабылды.
Кеше кешкі 18:30 шамасында былтыр ғана жөнделген жолдың 35-шақырымындағы бөлігін су шайып кеткен.
Жол астындағы тұрба тасқын суды өткізіп үлгермеген. Қазір құрылысқа жауапты мердігер компания бүлінген аумақты қайта жөндеуге кірісіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.
"Қазавтожол" компаниясы жолаушыларды сақ болуға шақырады.