«Макинск-Ақсу-Торғай» тасжолының бір бөлігін су шайды

Бүгін Ақмола облысындағы «Макинск-Ақсу-Торғай» тасжолының 24-ші шақырымын су шайды, деп хабарлайды 24KZ.

Тасқын жол шетінде еріген қар суының жиналуынан туындаған. ҚазАвтоЖол мамандарының хабарлауынша, қазір жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалыпқа келтіру шараларына 11 адам мен 6 техника жұмылдырылған.