Ақтөбеде жол апатынан 8 адам көз жұмды
Оқиға Самара-Шымкент тасжолының Маржанбұлақ ауылы маңында болды.
Жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысты. Қаза тапқандар Өзбекстан Республикасының азаматтары. Болжам бойынша қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған. Жүргізуші көліктің бағытын бақылай алмай қарсы жолаққа шығып кеткен.
Айдос Құлжанов, ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
- Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті жүргізушілерді көліктің жай-күйін бақылап және де жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырады.