Шымкентте 17 адамды кене шақты
Шымкентте үш айдың ішінде 17 адамды кене шақты, деп хабарлайды 24KZ.
Қансорғыштар биыл жылдағыдан ерте ояна бастады, – дейді қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті. Қазір кенелерге зертханалық тексеру жүргізіліп жатыр. Әзірге Конго-Қырым қанды қызбасының қоздырғыштары анықталған жоқ. Сала мамандары ауру ошақтарының алдын алу үшін санитарлық қорғау аймақтарын құруға кірісті. Ветеринарлармен бірге қора-жайларға дәрілеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Балкүміс Мұсаева, қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Біз жылда, осы зоологиялық топ, осы кенелерді жинап, зерттеу үшін зертханада тексеріп, бақылау жұмыстарын жүргізіп жатады. Биылдың өзінде 180 кене теріліп, тексерген кезде осы Конго-Қырым қанды қызбасының қоздырғышы анықталмады.