Құлсарыда 2 адамның денесі табылды
Құлсары қаласында қарғын су астындағы баспанасын тексеруге кеткен 2 азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды 24KZ.
Марқұмдар кеше трактор тізгіндеп, кенет жолдан аударылып кеткен. Іздестіру жұмыстарына 3 маман мен 1 жүзу құралы жұмылдырылып, олардың денелері сағат шамамен түскі 11-де табылды.
Құзырлы органдар су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және баспана мен эвакуациялау пунктерінен рұқсатсыз алыстамауға шақырады.