Қостанай ауданында төтенше жағдай жарияланды
Қостанай ауданында қалыптасқан гидрологиялық жағдайға байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.
Қазіргі уақытта гидротехникалық нысандар мен ел-жұрттың жайы қалай? Қанша елді мекенге қауіп төніп тұр? Аймақтағы ахуал жайында бізбен тікелей байланысқа шығып тұрған Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асылбек Садуов жауап береді.