Ырғыз ауданында төтенше жағдай жарияланды
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды 24KZ.
Үш бірдей ауылдық округке қарасты 6 елді мекенмен байланыс үзілді. Қазір айналма жолдар арқылы тезірек қатынас орнату қолға алынды. Су тасқыны кезінде бірнеше электр бағаны құлап, Қарасай ауылы 10 күннен бері жарықсыз қалды.
Жалпы аудан бойынша 4 үйді су басып, адамдары эвакуацияланды. Мал шығыны да бар. Бірақ нақты санын әзір ешкім айта алмайды. Себебі су тартылмайынша төрт түлікті есептеу мүмкін емес. Енді Торғай өзеніндегі су деңгейі көтеріледі деген болжам бар. Бүгіннен бастап тасқынан келген шығынды анықтау үшін арнайы комиссия іске кірісті.
Айта кетейік, облыс бойынша Ақтөбе қаласы мен 6 ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды.