Астанада қойма өртенді
Астанада, Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді. Өрт аумағы шамамен 500 шаршы метр.
Өртті сөндіру резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатуда.
Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізді.
Сағат 01-34-те өрт сөндірушілердің күшімен алдын-ала болжам бойынша 500 ш.м. алаңдағы өртті оқшаулауға қол жеткізілді. Өрт 08-46 сағатта сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.