Ақтөбе облысында Белшер ауылын су басты
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Белшер ауылын су басты.
120-дан астам тұрғын мен еріктілер Қорғаныс министрлігі бөлген тікұшақтармен жедел Ырғыз ауданының орталығына көшірілді. Жергілікті билік зардап шеккендер уақытша орналастыру пункттеріне жеткізілгенін мәлімдеді.