Атырау-Индер жолы жабылды
Атырау-Индер тас жолының 27-шақырымында асфальт опырылып, жол жабылды.
Оған жер астындағы газ құбырының айналасына су жиналуы себеп болған. Қазір көлік қатынасын тоқтатпау үшін айналма жол салынды.
Трассаның бұзылған бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда 4 техника мен 15 маман жұмылдырылған. Бұл жайлы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов мәлімдеді. Ол, кешке дейін жол қалыпқа келеді,- деді.