Жетісу облысында аудан әкімі жауапкершілікке тартылды

Жетісу облысындағы Ескелді ауданының әкімі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды 24kz.

Оның 120 гектар жерді шаруаларға конкурссыз бергені белгілі болды. Сол үшін шенеунік 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалады. Заңсыз берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері аудан қорына қайтарылды. Жалпы жыл басынан бері құзырлы орган өкілдері кадастрлық құны жарты миллиард теңгеге жуықтайтын 103 мың гектар аумақты мемлекет меншігіне қайтарған.

Олжас Самат, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Бұл жер учаскелері ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған. Және заң талаптарына қайшы берілгені анықталды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.