Оралда мас жүргізуші қамауға алынды
Орал қаласында мас жүргізуші полицияға бағынбаған.
Оның жанындағы жолаушы да удай мас. Патрульдік полиция екеуін де әупірімдеп ұстаған. Жолаушы қамауға алынды. Өйткені жүргізушіні медициналық мекемеге жеткізбек болған тәртіп сақшыларына кедергі жасаған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.