Есірткіні шетелден пошта арқылы алдыртқан адам ұсталды

Алматы облысында шетелден пошта арқылы, есірткі сатып алмақ болған тұрғын ұсталды.

777 грамнан астам гашиш, Іле ауданындағы қазпошта бөлімшесіне "косметикалық бұйым" ретінде жасырын жіберілген. Күдікті бұған дейін де заңсыз есірткі айналымы үшін сотталған болып шықты. Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде одан есірткі шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар мен өзге де айғақ табылды. Тергеу амалдары жалғасуда.