Жамбыл облысында қызметтік көліктерді сатқандар сотталды

Жамбыл облысында Қаратау қаласының тазалығына жауапты мекеме басшылары мемлекетке тиесілі 4 көлікті сатып жіберген, деп хабарлайды 24kz.

«Таза-Талас» кәсіпорнының басшысы мен оның орынбасары алдымен автокөліктерді жарамсыз мүлік ретінде есептен шығарған. Сөйтіп, тиісті аукцион өткізбестен, тікелей көлдеңен келген сатып алушыға қолма-қол ақшаға сатқан. Қызметтік көліктердің әрқайсысы нарықта 6-7 миллион теңге тұрады. Салдарынан мемлекетке 22 миллион теңге залал келді. Прокурорлар құны 10 миллион теңге болатын 2 көлікті қайтарып, оған қоса, ақшалай 7 миллион теңге өндірді. Ал мемлекет меншігін талан-таражға салғандар сотталды.

Жалғас Көшербаев, Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі:

- Талас ауданының сотының үкімімен «Таза-Талас» кәсіпорынының директоры мен оның орынбасарына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Және әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.