Шымкентте конго-қырым қанды қызбасынан бір адам қайтыс болды
Шымкентте инфекциялық ауруханада конго-қырым қанды қызбасынан бір адам қайтыс болды.
Ауру белгілері анықталған тағы бір науқасқа медициналық ем көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді. Ал 61 жастағы марқұм Сайрам ауданындағы қожалықтардың бірінде мал шаруашылығымен айналысқан. Кене шаққаннан кейін өз бетінше емделіп, ауруы асқанған соң ғана жедел жәрдеммен жеткізілгенін айтады. Жалпы биыл жүзден аса адам кене шағу дерегімен дәрігерлерге қаралған.
Бақтығали Ережепов, қалалық инфекциялық аурухананың бас дәрігері:
- Түркістан облысының тұрғыны өте ауыр жағдайда түсіп, қаза болды. Өте кеш болды, ауруының төртінші күнінде түсті. Бізге келгенде ол кісінің барлық жағынан қанау белгілері байқалды. Екінші жағдай Шымкент қаласының тұрғыны, ол 12 жасар бала. Жатқанына сегіз күн болды, протокол бойынша 14 күн бақылап, үйіне шығарылады. Қазіргі жағдайы ораша ауыр.