Алматыда жол апатынан зардап шеккен 9 адам ауруханаға жеткізілді

Алматыда болған жол апатынан 9 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды 24kz.

Бәрі қалалық №7 ауруханаға жеткізілген. Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін ауыр техника аялдамада тоқтап тұрған автобустың соғылды. Қоғамдық көлік сол екпінмен жеке тұрғын үйдің қоршауын бұзып өткен. Қазір тиісті орындар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Асылбек Ембердиев, қалалық №7 ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

- Қажетті медициналық қарап- тексерулерден кейін 2 адам политравма бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Соның ішінде реанимация бөлімшесіне жатқызылған жолаушы да бар. Екі пациенттің жағдайы тұрақты ауыр. Қалған пациенттер қажетті медициналық тексерулерден өткеннен кейін тұрақты мекенжайлары бойынша амбулаториялық емдеуге жіберілді.